Қызылордада 75 жастағы әйел өртке оранған үй ішінде тірідей жанып кетті

WhatsApp Image 2024 01 08 at 12.25.50

Оқыс оқиға Жалағаш ауданына қарасты, Аққұм ауылында болған, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс»  Ақпараттық агенттігі.

Ауылдағы тұрғын үйде газ баллоны жарылып, арты алапат өртке ұласқан. Қызыл жалынға оранған баспананың төрт қабырғасы жарылыс салдарынан құлап қалған. Ал онда 75 жастағы зейнеткер қалып қойыпты. Анасын құтқармақ болған 30 жастағы азаматтың да денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр дейді өрт сөндіру қызметіндегілер.

«Ал  ер азамат өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін анасын құтқару барысында денесінің 12-13 % ІІ дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылғаны белгілі болды. Сондай-ақ оқиға болған үй ауласындағы «Daewoo nexia» маркалы автокөлігі жарылыс салдарынан зақымдалған. Өртке Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
2 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мира
Мира
3 months ago

Осындай күйде анамнан айырылып қалдым.

Мира
Мира
3 months ago

Қазақстан Республикасының азаматы ретіде билік басындағылардан өтініп сұраймын. Кеңес үкіметінен қалған газ балондарды жөндеп қоя салмай жаңадан қаражат бөліп алса екен….

2
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x