Қызылордада 4,2 млрд теңгеге салынып бастаған «Жайлы мектепті» қайта сүріп жатыр

S3990001.MP4.Still001

Өйткені шенеуніктер әу баста білім ошағы орналастын аумақты дұрыс таңдамаған, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қала іргесіндегі Қызылжарма ауылында  екі ай бұрын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық білім ұясының құрылысы басталған. Онда мектепке қажетті инфрақұрылым жүйелері тартылып, айналасына қоршау салынған. Алайда осыдан бірнеше күн бұрын құрылысшылар қоршауды да, құрылыс заттарын да түгелдей жинап әкеткен. Тек терең қазылған траншея сол күйі қалған. Ал бірнеше жылдан бері жаңа білім ұясын күткен тұрғындар бұл жағдайды әлі де түсінбей отыр.

S3990001.MP4.Still002

«Қызылжармада өзі бір ғана мектеп бар. Ал мұнда көшіп келушілер өте көп. Сондықтан жалғыз мектепке балаларымыз сыймай жатыр. Жаңа білім ұясын неге бұздыңыздар десек, Әл-Фарабиге көшіреміз дейді. Ол жақ бізге алыс. Сонда «жайлы мектеп» салып береміз деген әкімдердің уәдесі қайда?», – деп шағымданды қызылжармалықтар.

Қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай Қызылжарма ауылында салынып бастаған «жайлы мектептің» Әл-Фараби шағын ауданына көшіріліп жатқанын растады. Айтуынша бастапқыда жоспарланған Қызылжармадағы білім ұясының орынында бұрын «құс фабрикасы» болған. Ал инфрақұрылым тарту кезінде жер астына өлекселер көп шықты дейді.

WhatsApp Image 2023 07 11 at 17.43.54

«Құстардың өлекселері шыққандықтан, ол жақта құрылысты тоқтаттық. Ол жерден жағымсыз иіс шыққан. Ертең оқушылардың білім алуына зиян келеді. Өйткені санитар мамандар осындай қорытынды шығарды», – дейді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

S3990001.MP4.Still003

  Екі айдан соң аяқсыз қалған құрылысқа бюджет қаражаты шығындалмады дейді әкімдік өкілі. Сонымен қоса, Қызылжарма ауылында енді мектеп салынбайтынын кесіп айтты.

Автор: АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ

 

Бөлісу:

4.5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x