Қызылорда шенеуніктері 6 млрд теңгеге жуық қаржыға салынған көпірдің ажырауына табиғат себеп дейді

берег.mpg.Still002

Сырдарияның екі жағалауын байланыстыратын өткел 2017 жылы ғана халық игілігіне берілген болатын. Бүгінде көпірдің деформациялық тігісі 10 сантиметрге ажырай бастапты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

берег.mpg.Still003

Өзеннің үстінен салынған нысанды ұстап тұруға жылына 10 миллион теңге бөлінсе керек. Дегенмен, жарығы, сырлануы, қар-топырағын тазарту жұмыстары қызылордалықтардың көңілін көншітпей тұр. «Көпір ажырап жатыр» деп әлеуметтік желілерге жарияланған жаңалық қызылордалықтарды шошытты.

берег.mpg.Still004

– Қауіпті ғой, мысалыға машинамен жүрген кезде ашылып тұрған жерімен жүргенде дік-дік етіп өтесін, сондай қорқынышты болады. Негізі қауіпті. – дейді СЫМБАТ ТАШКЕНБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

берег.mpg.Still005

– Қауіпті халыққа, әсіресе сол жағалауда тұратын халыққа. Күнделікті сол жермен өтіп отыр ғой сол кісілер. Екіншіден жасаған адамдардың, жұмысты қабылдаған адамдардың  жауапкершіліксіздігі. Сапасыз болып тұр, оның сапасына көңіл бөлмеген. – дейді АҚТОЛҚЫН ӘБІЛДАҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

берег.mpg.Still001

Ал, қала шенеуніктері болса қазір барлығын зерттеп жатқандарын жеткізді. Көпірді ұстап тұруда кеткен кемшіліктерді қалпына келтіреміз деген әкімдіктегілер көпірдің ажырауына қатысты мамандармен ақылдасып, зерделейтіндерін айтты. Өткелдің осыншамаға ашылуына табиғат жауапты екен.

берег.mpg.Still006

– Біздің көріп шыққанымыздай ол жерде көпірдің өзінің деформационный шовтары ашылып, қыстың күні ол ашылады да жаздың күні ол тартылады.  Енді қазіргі таңда сол жерлерде шамалы ақаулар пайда болған. Енді ол ағымдағы жөндеулер ол істелетін болады. – дейді ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x