Қызылорда қаласында қайтыс болған азаматқа екі ай бойы зейнетақы төленіп келген

MVI 7379.MP4.Still001

Алпыс бес жастағы Бисенбай Пірманов өткен жылдың қазан айында о дүниелік болыпты. Содан бері 3 айға жуық өтсе де марқұмның туыстары әлі күнге дейін өлу туралы куәлікке қол жеткізе алмай келеді. Олар бұл жайтқа ақ халатты дәрігерлер кінәлап отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 7379.MP4.Still006

Ахметқали Аханов облыстық денсаулық сақтау басқармасының табалдырығын тоздырып жүргеніне екі ай уақыт болыпты. Марқұм болған Бисенбай Пірмановтың туысы әлі күнге дейін бауырының қайтыс болғандығын құжат ретінде дәлелдей алмай жүр. 65 жастағы зейнеткердің дәм-тұзы таусылған кезде жедел-жәрдем мен полицейлер келіп, хаттама толтырғанымен емхана дәрігерлерлері анықтама беруден бас тартыпты.

MVI 7379.MP4.Still002

– Медицина қызметкерлері менің бажамды Тараз қаласына тіркеп қойған. Ол қалай тіркелгені білмеймін. Заң бойынша бұл денсаулық сақтау мекемесінің қателігі. Соның кесірінен бажамның өлген деген қағазын ала алмай екі жарым ай болды. Әлі жүгіріп жүрмін. – дейді АХМЕТҚАЛИ АХАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ.

MVI 7379.MP4.Still003

Түсінбеушіліктер мұнымен аяқталмайды. Марқұм болған Бисенбай Пірмановқа әлі күнге дейін зейнет ақы жүріп келіпті.

– Заң бойынша өлген туралы қағаз берген кезде автоматический барлығы блокировать етілу керек. Қазір бажама өліп қалса да 3 айдың пенсиясы шығып тұр. Ол туралы қағаздары барлығы бар. Соны тоқтата алмай жүрмін. – дейді АХМЕТҚАЛИ АХАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ.

MVI 7379.MP4.Still004

Марқұмның есепшотына 236 мың теңге түсіп тұр екен. Денсаулық сақтау басқармасындағылар болса қызылордалық азаматтық басқа өңірде қалай тіркеліп тұрғандығын өздігінше жеткізді.

MVI 7379.MP4.Still005

– Мүмкін Жамбылда осылай тіркеп отырған кезде дәл осындай туған күні сәйкес келетін кісіні ИИН-нің терген кезде бір цифрдан қате кетіп қалып осы кісі тіркеліп кетуі мүмкін. Неше түрлі жағдай болуы мүмкін. Дәл қазір айта алмаймын мынаның кінәсі мынадан қате кеткен деп мен айта алмаймын. – дейді ЖАҢЫЛ АБУБАКИРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

«Цифрдан қате кетуі мүмкін» деп жорамал жасаған басқарма басшысының орынбасары бұл мәселеге ендігіде сот ғана нүкте қояды дейді. Зейнетақыны тағайындаушылар да қазір төлемақылардың тоқтағанын жеткізді. Ал марқұмның туыстарына соттың шешімін күтуден басқа алма қалмай отыр.

 

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x