Қызылорда қаласында 11-ші сынып оқушысы пышақталды.

Zhake.mpg.Still003

Сұмдық жайт шаһардағы №217 мектеп-лицейінде күні кеше орын алған. 17 жастағы жасөсіпірім білім ордасының қабырғасында параллель сыныптағы құрдасымен ерегіскен, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі.

Zhake.mpg.Still006

Үшінші сабақтан соң мектеп бітірушілер сыртқа шығып  жанжалды шешпек болған. Мәселе сөзбен шешілмегендіктен оқушылардың бірі екіншісіне пышақ ала жүгіріпті. Үш жерден жарақат алған жасөспірім дер кезінде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Zhake.mpg.Still002

-Пышақтың тиген жері сол иығы, сол кеуде тұсы және сол саны. КТ түсірілді, кеуде клеткасын, ішкі құрылысын УЗИ түсірдік. Балада ол жағы аман, тек сыртқы тері қабатының зақымдалуы көзге түсті. Соған байланысты обработка жасалып, тігіліп, бала амбулаториялық бақылауға үйіне жіберілді. –дейді ЗОЯ КУШЕНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Zhake.mpg.Still004

Күдікті жасөсіпірім болса алғашқыда Қызылорда қалалық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, содан соң ата-ана қарауына тапсырылған екен. Жанжалдың неден басталғанын дөп басып ешкім айтпай отыр. Қалалық білім беру бөлімі қазір осындай жағдайға жол берген №217 мектептің әкімшілігіне қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетіпті.

Zhake.mpg.Still001

– Аталмыш жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі және облыстық білім басқармасы атынан жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.- дейді САМАТ КҮНХОДЖАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
1 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
trackback

[…] Бұл жәйт шаһардағы №217 мектеп-лицейінде күні кеше орын алған. 17 жастағы жасөсіпірім білім ордасының қабырғасында параллель сыныптағы құрдасымен ерегіскен, деп хабарлайды «Azattyq-News» Ақпараттық агенттігі. […]

1
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x