“Әбден көңіліміз қалған”. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары уәдесін орындады ма?

MVI 8113.MP4.Still005

Сабалақ саяжайының тұрғындары шенеуніктен журналистердің алдында уәде беруін талап етті. Көпшілік әкім орынбасары саяжайға алдағы жылы табиғи газ кіреді деген уәдесін БАҚ беттерінде жарияласын дейді. Әйтпесе халық шенеуніктің құр сөзіне сенбейтін көрінеді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Әкімдікке жиналған тұрғындардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Онда халықпен кездесуге қала әкімінің жаңа  орынбасары Айдос Кентугаев келген. Ал оған тұрғындардың бірі талап қояды.

Біздің әбден көңіліміз қалған. Жылда, жылда деген сөздеріңізден. Сіздердің биліктеріңіз бар. Осында журналистерді шақырып, солардың алдында айтыңыздар. Міне, мен қала әкімінің орынбасары Сабалақтағы тұрғындар келесі жылы көгілдір отын жағып отыратынына кепіл боламын деңіз, – дейді тұрғын.

MVI 8113.MP4.Still006

Ал Айдос Кентугаев тұрғынның талабын орындаймын деп қол алысып келіседі. Алайда Сабалақ саяжайының тұрғындары әкімнің орынбасары телеарналар арқылы саяжайға газ таратамыз деп уәдесін әлі айтпады деп қапаланып отыр.

Бірақ әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында Сабалақ саяжайына газ тарту үшін жоба сметалық құжаттар дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады.

экрана 2024 02 09 150038

-2023 жылдың қазан айынан бастап демеушілікпен сабалақ саяжайын газдандыруға байланысты “Досстройпроект” ЖШС мекемесі арқылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп басталған болатын. Қазіргі күні жоба-сматалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары аяқталып, сараптама қарауына ұсынылуға жинақталуда. Болжаммен ақпан айының 15-нен кейін сараптамаға жолданатын болады, – деп жазылған ресми парақшада.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар