Қызылорда облысында сейсмикалық оқу-жаттығу жиынына 28 мыңнан астам адам жұмылдырылды

1674648568 top fon com p fon dlya prezentatsii zemletryasenie 209

Сыр өңірінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған жалпы саны 28 мыңнан астам адам жұмылдырылып, жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер пысықталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев хабарлады.

– Өздеріңіз білетіндей, Қызылорда облысы сейсмикалық қауіпті аймақтардың біріне жатады. Сондықтан, сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы оқу-жаттығу жиыны өткен болатын. Онда жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер көрсетіліп, негізгі ережелер түсіндірілді. Атап айтқанда, халыққа дабыл чемоданын жинақтауға үйрету, адамдарды ғимараттардың қауіпсіз аймақтарына эвакуациялау, зардап шеккен азаматтарға авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу, эвакуациялық пунктердің дайындығын тексеру, жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау құрылымдарының іс-әрекеттері пысықталды. Республикалық оқу-жаттығу барысында 43 құлақтандыру жүйесі, 79 дабылды сөйлеу құрылғысы іске қосылды. Бұдан бөлек, халық арасында дүрбелеңге жол бермеу үшін аталмыш шара туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды, – деді ҒАФУР АҚМЫРЗАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x