Қызылорда облысында қатты суықта 14 ауыл газсыз қалды

WhatsApp Image 2024 02 19 at 17.52.36

Шиелі ауданындағы жер асты газ құбырынан ақау шыққан. Соның кесірінен 19-ақпан күні ауданға қарасты 14 елді-мекенде көгілдір отын ажыратылған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 02 19 at 17.44.23

Тұрғындар қыстың көзі қырауда жылусыз қалғанына шағымданады. Газдың ажыратылатыны жөнінде ешкім хабарлама бермеді дейді бүрсең қаққан жұрт.

WhatsApp Image 2024 02 19 at 17.44.23 1

Аудан әкімдігіндегілер “Шиелі” автоматты газ тарату станциясындағы газ қысымы артып, жер асты құбырларынан ақау шыққанын айтады. Соның салдарынан газ ауаға тараған.  Көгілдір отынды уақытша тоқтатуға осы себеп болыпты.

Қазір ақау шыққан аумақты қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

-Шиелі кенті табиғи газдан уақытша  ажыратылды. Ақауды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұтынушыларды газға қайта қосу туралы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша хабарланады. Келтірген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – деп мәлімдеді аудан әкімдігінің өкілдері.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x