Қызылорда облысында жаңа мектептердің саны артуда

1550128441 145mektep1

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжілісте салаға қойылатын талап пен міндет ауқымы жылдан-жылға артып келетінін атап өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиында мектеп оқушыларына сапалы тамақ беру, балабақшалардағы балалардың жалған тізімін болдырмау, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары сараланып, нақты тапсырмалар берілді.

417433842 684397387214842 3832008848827997328 n

«Әрбір бала мектептен сапалы білім алып, жақсы адам, адал азамат болып шығуы керек. Бәріміз осы маңызды мақсат жолында табанды еңбек етуіміз қажет. Аймақтағы демографиялық өсімді ескере келе, жаңа мектеп салу, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқытудың алдын алу басым бағыттардың біріне айналды. Өткен жылдың қыркүйек айында үш ауысымдыққа көшуі мүмкін болған облыс орталығындағы 6 мектептің 4-уіне 1 850 орындық қосымша ғимараттар салып, іске қостық. Қызылорда қаласы, Бәйтерек шағын ауданынан пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектеп 2 мектептің (№№ 261, 280) сыйымдылық жүктемесін төмендетті. Былтыр Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты ел игілігіне табысталса, жыл басында 550 орындық 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 мектеп салуға қатысты жұмыс жасаудамыз. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Өткен жылы 10 мектептің іргетасы қаланса, биыл 11 мектептің құрылысы басталады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыстағы 6 апатты мектептің (Арал №248 , Қазалы №94, Қармақшы №105, 108, Шиелі №45, 133) 4-еуінің мәселесі «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін тапса, қалған 2 мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» мен жеке инвестор есебінен салынбақ.

417418308 684397517214829 899530700684702550 n

Дарынды балаларды қолдау үшін Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында мектеп-лицей-интернаттар жұмысын бастады. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қаласынан 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен сол жағалаудан құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталады. Балаларды қосымша біліммен көбірек қамту мақсатында «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы салынуда. Сонымен қатар, биыл облыс орталығынан құны 11 млрд. теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» бой көтереді. Осы бағытта, Жаңақорған және Шиелі кенттерінен 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебі 2024-2025 жылдары салынатын болады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x