Қызылорда жолсеріктері бас көтерді

MVI 8585.MP4.Still001

Қызылорда-Көкшетау бағытында қатынайтын пойыздардың қызметкерлері айлығым мардымсыз деп ашынады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке компания соңғы бес жылдан бері өз жұмысшыларының ақыларын  еңбегіне сай көтермей отырған көрінеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

MVI 8585.MP4.Still005

Қызылорда-Көкшетау бағытында қатынайтын пойыздарда 8 бригада жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жолсеріктердің жалақасы былтырғы жылы 100 мың теңге болыпты. Қаңтардан бастап үкіметтің бастамасымен 20 пайыз тағы қосылыпты. Осы қаражатқа олар пойыздарда от жағып, көмір тасып, вагон ішін тазартады. Еңбек өтілі мен экологиялық жәрдем ақыларды қосқанда айлықтары 200 мың теңгеге әзер жетеді екен.

MVI 8585.MP4.Still002

– Біз талап ететініміз 100 процент біздің айлығымызды қоссын. АО Пассажирские перевозкимен бірдей қылсын. Шамасы келмесе пойызды үкіметке өткізсін, осы біздің бар талабымыз! – дейді КЕНЖЕТАЙ ШӘУКЕБАЕВА, «ҚЫЗЫЛОРДА-КӨКШЕТАУ» ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛСЕРІГІ.

Жолсеріктердің айтуларынша пойыздардардың ішіндегі көрініс мүлдем адам шошырлық көрінеді. Жастық пен жамылғылары еш талаптарға сай келмейді екен.

MVI 8585.MP4.Still004

– Бұрынғы заманның одеялолары, бұрынғы заманның матрацтары, бұрынғы заманның жастықтары. Олардың тек тыстарын сырттарын ауыстарды да қайта шығара береді. Қазіргі заманға сәйкес келмейді. Қазір айтсам көптеген нәрселер бар, тарақандар бар. – дейді АЗАТ АЛАШБАЕВ, «ҚЫЗЫЛОРДА-КӨКШЕТАУ» ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛСЕРІГІ.

MVI 8585.MP4.Still006

Жұмысшыларының дауынан кейін Астанадан компания өкілдері келген. Олардың пайымынша жылына аздап болса да еңбекақыны көтеруге тырысып жатырмыз дейді. Ал айлықты  бірден 100 пайызға  көтеру мүмкін емес екен.

MVI 8585.MP4.Still003

– Енді бізде былай қарағанда соңғы төрт жыл ішінде жыл сайын көтеріп жатырмыз. Соответственно келесі жылы да мүмкін, может быть биылда мүмкін. Ол енді перевозкаға байланысты. – дейді МҰРАТ ЖАНҰЗАҚОВ, «NOMADOS» ЖШС ЗАҢГЕРІ.

Басшылардың бұл сөзімен келіспегендер ҚР Көлік министрлігі мен Көлік прокуратураларына арыз жазыпты. Ресми жауабы наурыз айында берілуі тиіс. Ұжымда 300-ге жуық жұмысшы бар жолаушылар тасымалымен айналысатын басшы сымақтар айлықты екі есе көтере алмаса компанияны мемлекетке өткізсін дейді жолсеріктер.

Бөлісу:

4 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x