Қыз алып қашқан жігіттер 12 жылға сотталуы мүмкін

636dc05e3e6dd274185100

Шымкент прокурорлары қыз ұрлығына қатысты істі тергеуге алды. Неке құрамын деп болашақ қалындығын алып қашқан ер жігіт қамаққа алынды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Шымкентте осылайша отбасын құрмақшы болған азамат 2 айға қамаққа алынды. Прокурорлар заңға қайшы әрекет жасаған Маңғыстау облысының азаматы екенін анықтады.

Елімізде әлі күнге дейін қыз алып қашу оқиғалары жиі кездеседі. Әсіресе бұл ескі салт еліміздің онтүстік өңірлерінде жиі кездеседі. Құзырлы органдар бұл қылмысқа қатысты арнайы бап жоқтығын айтады. Алайда олар бұл әрекеттерді әйелдерді қорлау, зорлық-зомбылық көрсету деп біледі. Ал бұл бап бойынша  қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x