Қыз «алып қашқан» жігіт ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмай қалған

fd31344s 960

Бұрынғы сүйіктісіне қол жеткізуге асыққан жігіттің жолы болмай қалды. Оған ауа райының жайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы 102 арнасына қыздың туысы қоңырау шалыпты. Айтуынша, 20 жастағы бойжеткенді 4 жігіт күштеп Daewoo Nexia көлігіне мінгізген.

Қыз «ұрлағандардың» ішінде бір жігіт оның ауылдасы әрі бұрынғы жігіті екені белгілі болды. Полиция қызметкерлері іздестіру жұмысын жүргізіп, нәтижесінде оларды тауып алды. Жігіт Астанадан алып қашқан сүйіктісін Түркістан облысына апаруды көздеген. Алайда, ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмай қалған.

Қазіргі таңда «заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Құқықбұзушылықтың бұл түріне үш жылға дейінгі бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар