"Қасқырлар ұлып, құстар шулап кетті". Алматыдағы жер сілкінісі зообақ жануарларына қалай әсер еткен?

экрана 2024 01 25 112547

Зообақ қызметкерлері сол түні болған оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды, “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Зообақтың әлеуметтік желідегі парақшасында жер сілкінісі болған сәттегі жабайы аңдардың әрекеті көрсетілген бейнежазба жарияланды. Онда дүмпу басталғанда, бегемоттардың суға сүңгіп, ал зебралардың үркіп қашқаны көрінеді.

– Түн ішінде зообақта күзет пен ветеринар қызметкерлері қалған. Олардың айтуынша жер сілкінісіне дейін жануарлардан ешқандай ерекше іс-қимыл байқалмаған. Жер сілкінген сәтте қасқырлар ұлып, тырна, қаз, үйрек сияқты құстар шулай бастаған. Таңертең қызметкерлеріміз қоршауларды тексеріп шықты. Олар қорыққаннан бір-бірін құшақтап, бұрышта тығылып отырған екі шимпанзе Паша мен Лоланы көрген. -деп жазды Зообақтың желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар