Қазақстанда педофилдер өмір бойына сотталуы мүмкін

506365457450.1838

Бұдан былай жас баланы өлтіргендер мен педофильдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова жаңа заңда зорлық-зомбылық, ұрып соғуға жаза күшейтілетінін айтты. Енді кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін «бас бостандығын шектеу» жазасы алынып, тек бостандығынан айыру жазасы ғана қолданылмақ.

– Балалардың құқығын қорғау саласында 2 жаңа норма қарастырылды. Жаңа редакцияда педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылды. Кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Азаптауға байланысты жаңа норма жаңа құрамда қарастырылды, жаңа редакцияда азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды, – деді МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА.

Сонымен қатар, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар