Пара алды деген күдікпен Сәтпаев қаласының әкімі ұсталды

67476

Қарағанды облысына қарасты Сәтпаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұстаған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Сәтпаев қаласының әкімі мердігерлерден пара алу кезінде құрықталғаны айтылып жатыр.. Пара құны 10 миллион теңгені құрайды екен. Айта кетейік, Шапағат Әубәкім 2023 жылдың қаңтар айында әкім қызметіне тағайындалған. Оған дейін әкім орынбасары қызметінде болған. Шенеуніктің ұсталғанын сыбайлас жемқорлыққы қарсы қызмет растады.

– Сәтпаев қаласының әкімі ҚР ҚК 366-б. 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. – деп мәлімдеді СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x