Өрт қауіпсіздігі басты назарда

c060321a73fa1834dd44133ed19ce98a original 102763

Өрт – аса қауіпті тілсіз жау. Одан сақтану күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Қызылорда облысында өткен жылмен салыстырғанда өрт оқиғасы 9 пайызға азайған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Десе де бұл жағдайға бей-жай қарау керек дегенді білдірмейді. Мәселен сәуір айында салаға жауапты мамандар өрттің қауіпті кезеңіне дайындықты пысықтау мақсатында 6 өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков мәлімдеді.

– 2024 жылдың 20 наурызынан бастап облыста өрт қауіпті маусымның басталу күні болып белгіленді. Осыған сәйкес, сала мамандарымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде облыстық комиссия отырысы өтті. Отырыста өртті сөндіру, табиғи өрттің алдын алу туралы талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, биыл орман қорымен шектесетін елді мекендер, теміржол мен автожол жағалауларында облыс бойынша барлығы 6140,6 шақырымға минералды жолақтар жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 100 шақырымына жүргізілсе, қалған бөлігі өрт қауіпті маусым аяқталар уақытқа дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қала және аудандар бойынша 10 мобильді топ құрылды. Бүгінде олар рейдік шаралар жүргізілуде. Одан бөлек, облыстағы шалғай аудандарда орналасқан елді мекендерде де өртке қарсы құрылым жасақталды. Жалпы, өрт оқиғаларының жиі орын алуына әсер ететін фактілердің бірі тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан пайда болады. Осы орайда облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес кереміз, – деді АСХАТ ПЛАЛҰЛЫ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x