Оқушылардың қауіпсіздік мәселелері қаралды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім саласының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Аймақ басшысы қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысын сынға алды.
«2024 жылдың 3 айының қорытындысына қарағанда, облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеген. Дегенмен, жекелей алғанда кейбір қылмыс түрлерінің саны артқан. Қала, аудан әкімдіктері жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар бар. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, топтық төбелестердің алдын алуға тікелей жауапты болғанымен, жұмысы нәтижесіз. Ешқандай зерделеу, талдау жоқ. Комиссия мүшелері адрестік-профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Тек, мұғалімдер мен инспекторлардың зерттеулеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Мұны бала тағдырына бей-жай қарау деп есептеймін», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.
Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты шұғыл түрде бір жүйеге келтіру міндетін жүктеді. Алдағы уақытта комиссия қызметі бағаланғанда, профилактикалық шаралармен қатар, нақты адрестік жұмыстар, нәтижелі индикаторлар есепке алынады. Облыстық білім басқармасы комиссиялардың есебін тоқсан сайын баяндап, соған сәйкес шешім қабылданбақ.
Қаралған саны: 71
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments