Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

418810304 717257080595539 3517436674552104761 n

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен азаматтармен кездесті. Қабылдауға келушілер тұрғын үй, емделуге қаржылай көмек алу, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу мәселелерін қозғаған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірі, өтініші, сауалдары әрдайым мамандар сарабынан, талқысынан өтеді. Әрқайсының себеп-салдары жіті зерттеліп, шешімі заң аясында қарастырылады. Кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде береді. Осылайша қабылдауға жазылған азаматтың көтерген мәселесінің шешілу жолы көрсетіледі.

Бүгінгі қабылдауға жол апаты салдарынан мүгедектікке тап болған 30 жастағы қала тұрғыны мен сырқаты бар баласының отасына көмек сұрап келген азаматшаның өтініштері зерттеліп, қаржыландыру тетіктері қарастырылмақ. Кәсібін жүргізуге ақшалай және заңдық тұрғыда қолдау сұраған азаматтарға да заң талаптарына сәйкес келген жағдайда көмек көрсетілетіні түсіндірілді.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov. порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x