"Мұрнын бұзған” Қызылордада мектеп ішінде оқушылар төбелесі болғаны туралы ақпарат тарады

1577426479 10097 thumbnail wide w1180

Онда 10 және 11 сынып оқушылары мектептің әжетханасында жаға жыртысқаны жазылған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Жанар Датаева есімді әлеуметтік желі қолданушысы өзінің парақшасында “Мансап” жеке мектебінде оқушылардың төбелесі болған деп жазды. Кесірінен бір оқушының мұрыны сынған екен.

экрана 2024 01 17 114655

“Мектеп директоры мен басшы орынбасарлары не қарап отыр? Бір оқушының мұрыны сынған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары баланы ауруханаға жеткізуге көмектесіп, әрі қарай оны үйіне апарып тастаған. Енді біз балаларымызды сіздерге қалай сеніп тапсырамыз?” – деп жазған желі қолданушысы

Бұл ақпаратқа байланысты “Азаттық-Ньюс” тілшісі полиция департаментіне сұрау салды.

 

Бөлісу:

5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x