Мүгедектердің жәрдемақысын ұрлаған директорға жаза кесілді

WhatsApp Image 2024 02 19 at 12.14.04

Ол зейнеткерлер мен жарымжан азаматтарға берілетін 32 млн теңгені қолды қылған. Онымен қатар қызметкерлеріне заңсыз төлем жасау арқылы да қомақты ақшаны қалтасына басып келген, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

“Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының” бұрынғы директоры сотталды. Сотталушы қызмет барысында 29 азаматтың жәрдемақысы мен зейнетақысын жымқырған. Одан бөлек 4 жыл қатарынан өз қызметкерлеріне заңсыз ақша аударып отырған. Сол арқылы 12 млн теңгені қалтасына басқан. Экс-директор өз қылмысын толық мойындап, мемлекетке келтірген 44 млн теңге залалды қайтарып берген.

– Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – деп мәлімдеді ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар