Министрлік мектепте намаз оқыған жасөспірімдерге қатысты тексеріс бастады

full 1708398320423745edcd50b0abb9249570aec69146 webp

Әлеуметтік желіде мектепте намаз оқып жатқан оқушылардың видеосы тараған болатын. Енді ҚР оқу-ағарту министрлігі осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Желідегі жазбада бір топ бала басын сәждеге тигізіп жатқаны көрінеді. Артқы жағында мектеп партасы байқалған. Жасөспірімдердің қай мектептің оқушысы, қай өңірден екені әзірге анықталмаған. Десе де заң бойынша оқу орындарында құлшылық жасауға тыйым салынған.

Министрлік өкілдері құлшылық жасауға рұқсат берген мектепті анықтап, шара қолданбақ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x