Мемлекеттік рәміздер – ел айбыны

семинар

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, геральдика белгілерін жетілдіру жөніндегі республикалық семинар» өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алдымен облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Есмаханов сөз алып, аймақта мемлекеттік рәміздердің заңдылықтарға сәйкес қолданылуы мен орналастырылуы, оларды насихаттау мен құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тоқталды.

Семинарға министрліктің архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Геральдикалық жұмыс басқармасының» басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы арнайы қатысып, мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен орналастырылуына қатысты заңдылықтар туралы хабарлама жасады.

Айта кету керек, семинарға 100-ден астам облыстағы басқармалар мен инспекциялардың жауапты мамандары, қала, аудан, кент пен ауылдық округ әкімдері, БАҚ құралдарының өкілдері қатысып, өзара құнды деректермен, зерттеулермен және тәжірибелермен алмасты.

Аталған семинар облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар