Мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жолдары талқыланды

436488662 729615442693036 4964355527152359725 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аймақтағы мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану және күтіп ұстау жайы талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Бүгінде облыс бойынша 276 мектепте профицит бар, яғни, кейбір елді мекендерде орналасқан мектеп ғимараттарын өзге де әлеуметтік мақсаттарға пайдалануға болады деген сөз. Қала және аудан әкімдері облыстық экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп, жаңадан салынатын әлеуметтік нысандар, атап айтқанда спорт кешендері мен ауылдық клуб құрылыстарына қатысты алдын-ала зерделеу жүргізіңіздер. Оларды салуға қомақты қаржы бөлгеннен, бос тұрған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану тетіктерін қарастыру қажет», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.

Тағы бір мәселе, мекеме басшылары ғимараттарды күтіп ұстауы, әр мүлкіне ұқыпты қарауы тиіс. Қасбетінен бастап, ауласының тазалығын қамтамасыз ету – басшылардың тікелей міндеті. Сыр өңірі алғашқылардың бірі болып ел Президентінің «Таза Қазақстан» акциясын қолдағаны белгілі. Науқан аясындағы көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады. Сондықтан, білім беру ұйымдары аумағында тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуін бақылауға алу тапсырылды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x