Мәжілісте өзекті мәселелер талқыланды
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жедел мәжіліс өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жиында санитарлық тазалық және көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарының атқарылуы, салынатын нысандардың құрылыс сапасы, әр сала бойынша түйткілді мәселелер қаралды.
Аймақ басшысы қалаға ыстық су жүйесін орнату, экотакси қызметін ұйымдастыру, автобус паркінің жұмысын үйлестіруде халықтың талап-тілегін ескеру, қоғамдық көліктердің жолаушыларға қалтқысыз қызмет көрсетуін күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды. Жауапты басшылар жалпы қоғамдық маңызы бар мәселелерге әрдайым сергек қарауы тиіс.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығындағы 153 көпқабатты тұрғын үйдің 70-і ыстық су қосуға дайын, тұрғындармен келісім-шарт жасалуда. Бұл жұмыстарға 140 млн. теңге бөлінген.
Қалада жолаушыларға арзан бағамен тасымал қызметін көрсету үшін 1 млрд. теңгеге 100 экотакси алынуда. Электр қуатымен жүретін көліктер ортақ желі арқылы жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, жаңадан салынған «Қорқыт Ата» әуежайына кіреберіс жол салынуда. Ауласы абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нұрлыбек Машбекұлы жол құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды ескертті.
Жауапты тұлғалар көтерілген мәселелер бойынша жағдайды баяндап, оларға тиісті тапсырмалар берілді.
Қаралған саны: 72
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments