Мамырдан бастап облыста 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді

436577009 729613449359902 1388530683307425618 n

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының өзекті мәселелері талқыланған мәжілісте биыл салынатын мектептердің сапасы, құрылыстың уақытылы аяқталуы жіті назарда болуы керектігін ескертті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Биыл өңірімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 10 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының» және жергілікті бюджеттің қаржысына 3 мектеп салынуда. Оның 7-еуін жаңа оқу жылында, 6 білім ошағын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Одан бөлек, 4 мектеп жанынан қосымша құрылыс салынуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының, Үкіметтің тікелей бақылауында. Құрылыс сапасын күнделікті қадағалап, мерзімінде аяқталуын басты назарда ұстау қажет», – деді НҰРЛЫБЕК МАШБЕКҰЛЫ.

Мұнан бөлек, мамыр айынан бастап облыстағы 7 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтеді. Облыстық бақылау жөніндегі басқармасына жұмыс сапасын, мерзімінде аяқталуын қатаң қадағалау тапсырылды.

Сондай-ақ, жиында кейбір аудандардағы кешкі мектептердің жабылуына орай қысқартылатын педагогтардың жұмыспен қамтылуы, мектептердегі штаттық бірліктердің тиімділігі талқыланды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x