Қызылордалық құтқарушылар Қостанайға көмекке барды

6260c57e 6313 4f8e 82f7 bf13c76db33a

Қызылорда облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою мамандары Қостанайға барды. Олар қардың еріген суын тарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары: 31 жеке құрам адамы, 6 бірлік техника, 10 су сору мотопомпасы, 2 үрлемелі қайықпен Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Амангелді ауылында қардың еріген суларын тарту жұмыстарын жүргізуде.

Еске салай кетейік, 2024 жылдың 26 наурызында түнгі сағат 00-ден 40 минут өткенде Қызылордалық құтқарушылар тобы Қостанай өңіріне құтқару көмегін көрсету мақсатында жолға шыққан болатын. 27 наурызда сағат 16:00-де олар Қостанай облысындағы Амангелді  ауданына жетіп, жұмысты бастап кетті.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x