Қызылордадағы жолдардың 87,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда

3190d77c f64

Биыл  республикалық және облыстық бюджеттен 27,9 млрд теңге бөлініп, Қызылордадағы ұзындығы 266 км құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жол инфрақұрылымы – ел экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі салалардың бірі. Бұл ретте өңірде жол сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 55,5 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғыртылмақ.

Ал, «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 57,9 км құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөнделеді. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарға 79,8 км құрайтын көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, 2023 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5%-ға жеткізілді. Осы ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға 88 жоба ұсынылды. Биылғы жылы нақтыланған 48 жоба қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92 %-ға жеткізу межеленген.

Айта кетейік, Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3580,5 км құрайды. Оның 1014,5 км республикалық, 555 км облыстық, 2011 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар