Қызылордада теміржол өткелі салынады
Қызылордада Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол өткелі салынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол өткелін салу жобасының тұрғындар үшін маңыздылығына, тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесіне тоқталды.
«Аталған жоба жүзеге асқанда теміржолдың арғы бетіндегі «Шанхай», «Коммунизм», «Гагарин» шағын аудандарының қала орталығымен қауіпсіз көлік қатынасы реттеледі. Осы жолғы нақтылауда жобаны қоса қаржыландыруға 475,6 млн. теңге бағытталуда. Сонымен қатар, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, көпір өткелдерін салу жобаларын қаржыландыруға 3 млрд. теңге бөлінуде. Жақында ғана Үкіметте тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері қаралып, Қызылорда облысының оң тәжірибесін басқа өңірлерге тарату бойынша нақты тапсырма берілді. Қазір бұл бағытта 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі сессияда облыс орталығын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша халыққа қызмет көрсетуге 1,3 млрд. теңге бөлу нақтыланды», – деді ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.
Облыстық мәслихат депутаттары көтерілген мәселенің маңыздылығын ескеріп, қолдау білдірді.
Сессияда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төралиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбәраков, облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық мәслихат депутаты Балжан Шәменова, облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Байқадамов баяндама жасады.
Қаралған саны: 93
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments