Көше тазалаушыны қуалап жүріп, әлімжеттік жасаған азамат көптің ашуына тиді

MVI 8743.MP4.Still001

Атпалдай азамат көше сыпырп жүрген жігіт ағасына күш көрсетіп, жерге тізерлетіп қойды. Оның бұл әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодағы астаналық ер адамның әрекеті жұртшылықты ашуыландырды. Онда қолында күрегі бар көше тазалаушысына бөгде азаматтың қоқан лоқы көрсетіп жатқаны байқалады. Содан сол қызметкерді желкелеп алып, жерге отырғызады. Бұл оқиғаға байланысты полиция департаментіндегілер мәлімдеме жасады. 

– Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында жүргізуші мен жұмысшы арасында жанжал болғанын көрдік. Полиция қызметкерлері олардың кім екенін анықтады. Жұмысшы ешқандай шара қолданбауды өтінді. Олармен сөйлесіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді, – деп хабарлады АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар