Көне дәстүр қайта жаңғырды

44cec8ce 5633 4cb2 9cc5 44364ecb6738

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданында «Ұлттық киім» күніне орай ел арасында ұмыт қалып бара жатқан көне «Қырық жеті» дәстүрі сахналанды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жалағаш кентінде «Ұлттық киім» күні аясындағы шаралар Рәміздер аллеясында бастау алды. «Қаракеткен ауылдық клубы» мен «Далдабай ауылдық клубының» ұйымдастыруымен «Қырық жеті» дәстүрі сахналанды. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртып, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлаған өнерпаздар аталған салт-дәстүрдің мән-маңызын ашып, көріністері арқылы кеңінен насихаттады.

 «Қырық жеті» – бұрынырақта қыздың қалыңмалына қатысты қолданыста болған дәстүр. Қазақ халқы қыз туса «қырық жеті» ұл туса «атұстар» деп сүйіншілеген. Себебі «Қалыңмалға қырық жетіні матап бердім» деген сөз бар. Бұл сөз өткен ғасырларда жиі айтылып, кеңінен қолданыста болған. Әрине, «қырық жеті» дегені, осынша бас малды білдіреді. Неге 48 немесе 50 емес деуіңіз мүмкін. Қазақ неге 47-ге тоқтаған?! Бұл санның да мән-мағынасы бар. Біріншіден, қазақта 40 пен 7 сандары ежелден қасиетті саналады. Мысалы, қырықтың бірі – Қыдыр, қызға қырық үйден тыйым, қырық күн шілде немесе қырқынан шығару десе, жеті қазына, жігітке жеті өнер де аз, жеті қат жер мен жеті жұрт сынды қалыптасып, болмысымызға сіңіп кеткен әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарымыз бар. Қыздың қалыңмалына қырық пен жетіні қосып, «қырық жетіге» тоқтауы осыдан.

Ал, орталық алаңда «Нәзір» ұлттық салт-дәстүрін көріністеріне арқау еткен «Аққыр ауылдық клубы» барлық сән-салтанатымен, үйлескен ұлттық киімімен нағыз қазақы болмысымызды көз алдымызға әкелді. Еңкейген қариясынан бастап, еңбектеген баласына дейін ұлттық тағамдары мен жеті қазынасын ала келіп, киелі сахнаны думанға бөледі. Қандай да бір күрделі, игі істі бастарда ауыл-аймақты, туған-туысты жиып, батасын алып, «көп түкірсе көл» дейтін аталы сөзімізді айтысып, ұлтымыздың ізгі дәстүрін айқындай түсті.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x