Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі?!

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.23.38

Бүгінде Шиелі ауданына қарасты Қарғалы ауылының әлеуметтік тұрмысы көңіл көншітпейді. Мың жарымға жуық тұрғыны бар ауылда әлі күнге дейін КеңесҮкіметінің кезінде бой көтерген ғимараттарды кездестіруге болады. Тұрғындар бұл мәселеден ауданның әкімі де депутаттары да хабардар дейді.

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.23.42 2

Қарғалы ауылында Кеңес үкіметі кезеңінен бері күрделі жөндеу жұмысын көрмей, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар жетіп артылады. Оқырманға арналған кітапхана, мәдениет үйі және медицина орталықтары халық үшін жұмыс жасағанымен бүгінде еш сын көтермейді екен.

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.24.08

– Ауылдағы әлеуметтік нысандардың барлағы өткен ғасырда салынған дүниелер. Қазір тек әкімдік ғана жаңадан салынған болды, басқа заманға сай ешнарсе жоқ. Біз де көштен қалмауымыз керек қой. Барлық ауылдарға салынып жатыр типовой әдемі, керемет мәдениет үйлері, спорт комплектер де, кітапхана да бар, бәрі бар. Біз енді кешегі Совет үкіметі дәуіріндегі адамдармыз. Содан әлі шыға алмай жатырмыз – дейді ауыл ақсақалы Пернебай Ізманбетұлы.

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.23.44 1

Жаңбырлы күндері ауылдағы  кітапхана шатырынан су ағып, оқулықтарды ылғалдандырып жарамсыз етеді екен. Сонымен қоса орталық жылу жүйесі атауымен жоқ.  Ал ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға келер болсақ ғимараттың ішінде емделушілерге арналған арнайы бөлмелер қарастырылмаған. Ауыл тұрғындары үшін мәдениет үйі болып астық қоймасы қызмет етеді.

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.30.14

 – Жалпы бұл Мәдениет үйі 1973 жылы салынған алғашында жем склады есебінде құрылған. Совхоз болғаннан кейін халыққа қызмет ету барысында бұл ғимарат мәдениет үйіне айналып отыр. Жылда жаңа ғимарат қарастырылады дейді бірақ әлі кезегіміз келмегенін айтады. Қандай жағдай болмасын осы орталықта барынша жұмыс жасап жүрміз – дейді мәдениет үйінің қызметкері Айымхан Ізтілеуова.

WhatsApp Image 2022 03 10 at 21.23.42

Ал, Қарғалы ауылының әкімі Қайрат Пірманқұлов болса әлеуметтік нысандардың тозғандығын растады. Бұл мәселеден аудан басшылары да хабардар дейді. Биылғы жылы ауылда медициналық мекемеге тиісті жер қаралып, жоба сметалық құжаттары облысқа жіберілген екен. “Жуан бәйтерек,кішкене бұтақтан бастау алады. Біз Жаңа Қазақстанды құрамыз” – деп барлығы жарыса ұрандатып жатқан кезде, ауылдың әлеуметік тұрмысы ұмыт қалмаса игі еді дейді Қарғалылықтар.

Автор: Нұрбол Нұрланұлы

Бөлісу:

4.1 16 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x