Жалағашта демікпе дертін емдеу үшін ауруханаға түскен сәби сал болып қалды

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.30.37

Екі жасар Қаһарман Бақытбектің қос жанары көрмей, тіпті миына, ішкі құрылыстарына зақым келген. Енді ғана жетіліп келе жатқан ұлымды осы хәлге түсірген дәрігерлер дейді Қаһарманның анасы. Айтуынша ауруханаға жеткізілген күні ақ халаттылар баланың тамағына қолын тығып, алғашқы көмекті дұрыс жасамаған. Мұндай олқылықтардың болғанын ауданның бас дәрігері де жоққа шығармайды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.30.36 2

Қаһарманның анасы Назгүл Жанкинаның айтуынша нәрестенің қызуы көтеріліп, тамағында сырыл пайда болғаннан ауруханаға жүгінген. Бірақ ақ халаттылар тиісті медициналық көмек жасамады дейді. Ең сұмдығы, емші-тәуіптердің емін қолданғанын айтады. Ақыр соңы баланың екі көзі көрмей, миы, асқазаны, өкпесі, бауыры зақымданып, мүгедек болып қалған.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.30.36

 «Диагнозына дұрыс қарамай, үсті-үстіне уколды салып. Қолын тығып ауызына құстыруынан бала өзін нашар сезініп комаға түседі. Қандай жағдайда асқазанынан қан кетті дегенде маған жауап берген жоқ. Себебін өздері де білмейді. Қазіргі баланың жағдайы ДЦП деп диагноз қойылды», – деді бүлдіршіннің анасы.– дейді НАЗГҮЛ ЖАУКИНА, ҚАҺАРМАННЫҢ АНАСЫ

Назгүл ұлым бұған дейін мүлде ауырып көрмеген дейді. Ал дәрігерлер бүлдіршін аурухана көмегіне кеш жүгінген деген қорытынды шығарыпты. Бірақ емдеу кезінде ағаттыққа жол бергендерін жасырмайды.

WhatsApp Image 2023 08 17 at 18.30.36 1

 «Ауызына қолын салып деп отырмыз ғой. Қолын салып қақырығын тазартқысы келген ғой. Қақырығын шығара алмай жатқан бала ғой енді. Тәуелсіз сарапшылардың тексерісінен кейін реаниматолог дәрігерлердің баланы қарауға сертификаттары болмағаны анықталды. Ауруханада ол кезде маман тапшы болды. Бірақ негізгі асқынуы ол емес. Сол себептен болар істегені. Бірақ әрине дұрыс емес. Оған байланысты біздер шарасын көрдік» – дейді аудандық аурухананың бас дәрігері ЕРКЕБҰЛАН МАҚСҰТОВ.

Бас дәрігер Қаһарманның еміне жауапты қызметкерлерге тек тәртіптік шара тағайындаған. Яғни ақ халттылар әлі де өз қызметтерін атқарып жүр. Ал Назгүл Жаукина екі жасар ұлымның өмір бойы сал болып қалуына себепкер ақ халаттылар заң алдында жауап берсін дейді. Айта кетейік, осы дерекке байланысты полиция депртаментіндегілер медицина қызметкерлерінің тиісті міндеттерін атқармауынан денасулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

2.5 2 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x