Екі бөгетті жөндеуге 2 миллиард теңге

CNdE88ey

Елімізде мемлекеттік лицензиясы жоқ құрылысшылар бөгеттерді қомақты қаржыға қайта жаңартпақ болған. Прокурорлар жарияланған конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданына қарасты Жаңатілек ауылында 1 млрд. теңге сомасына және Сәтбаев ауылында 1,2 млрд. теңгеге гидромелиоративтік жүйені қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуге хабарландыру жариялаған. Екі жағдайда да жобалау-сметалық құжаттамада дамбаны қайта жаңарту көзделген.

– Осы жұмысты жүргізуге қойылатын біліктілік талаптарында мемлекеттік лицензиясыз, яғни тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберілген, алайда бұндайға жол берілмейді. Қадағалау актісі бойынша жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін күші жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. – деп мәлімдеді ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x