Дүкен сөрелеріне 10 тонна зерттелмеген ет түскен

1542867435 article b

Жергілікті кәсіпкер зертханалық зерттеу жүргізбей, сатылатын етке ветеринариялық анықтамалар беріп келген, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Атбасар қаласында мал сою пунктінің зертханасында мал өнімдері мен шикізатына сараптама талаптарының сақталуы бойынша тексеріс жүргізілген. Алайда, құқықбұзушылықтары орын алғаны анықталып отыр. Жергілікті кәсіпкер ветеринария саласындағы қызметке ие бола тұра, зертханалық зерттеу жүргізбей-ақ сауда нысандарына ет шикізатының сәйкестігі туралы анықтама беріп келген.

Кәсіпкер мұндай заңсыздықты 3 жыл бойы жасаған. Нәтижесінде 850 анықтама беріліп, сауда нүктелеріне ондаған тонна ауыл шаруашылығы жануарларының еті түсті. Салдарынан адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша уәкілетті органдарға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді. Кінәлі тұлға 6 ай мерзімге лицензияның қолданылуын тоқтатумен, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Қостанай облысының табиғат қорғау прокуратурасы талдау барысында ветеринариялық қызметтің бұзылуын анықтады. Атап айтқанда жалған вакцинациялау, ресми есептілікте ауруларды жасыру, вакциналарды пайдалану және сақтау тәртібін бұзудың жүйелі фактілері белгілі болды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жалған вакцинациялаудың 4 мың фактісі анықталған. Мысалы, Қостанай ауданының ветеринариялық пунктінің ресми актісіне сәйкес, Ш. есімді азамат 727 бас ұсақ малға вакцина егілген делінген. Алайда бұл адамда қандай да бір мал болмаған.

Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және сәйкестендіру мәселелерінде статистикамен манипуляция анықталды, ірі қара мал – 3,8%, ұсақ мал – 2,8%, жылқы – 2,8%, шошқа – 40% санында алшақтық анықталды.

Аталған бұзушылықтар бойынша бүгінде 15 қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар заң бойынша жауапқа тартылды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x