Бухгалтер жұмыс берушінің 400 миллион теңгеге жуық ақшасын казиноға салып жіберген

roleta

Құмар ойындарына әйелдер де әуес бола бастады. Казино үшін алаяқтыққа барған бухгалтер 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, кінәлі әйел өзі жұмыс істейтін ЖШС иесіне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған ұсыныстар айтқан. Осылайша жұмыс берушінің 385,9 миллион теңге қаражатын иемденген.

Алайда ол алған ақшаны казинода ойнап, ұтылып қалған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне еніп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x