Бірнеше рет жаңа туған балаларын сатқан

5e0459f6a0a92322785005

Жаңа туған нәрестесін сату ісі бойынша сотталғандарға қатысты үкім өз күшінде қалды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бала саудасына қатысты 5 адамның үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қараған.

Сотталушы С.А алдын ала адамдармен келісім жасап, бірнеше рет кәмелетке толмағандардың саудасымен және алаяқтықпен айналысқан. Сот оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Ал қалған 4 сотталушы алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасын жасаған. Ол үшін ҚР Қк-нің 55-бабы, 4-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотталушы әйел жүкті болып, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында өзге отбасыға баласын сатуға уәделескен. Ақшаны алғаннан кейін отбасылық жұп баланы өздеріне алған.

Уақыт өте келе әйел қайтадан жүкті болып, баланы сатуды көздеген. Осылайша екі отбасылық жұпқа белгілі бір сомада баланы сатуға келіскен. Бірақ олардың ақшасын алғаннан кейін, іс түссіз жоғалып кеткен. Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 миллион теңге залал келтірілген. Осы уақытта сотталушы әйел өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұппен сөз байласқан. Отбасылық жұп сотталушы әйел жүкті кезінде оның шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң өз отбасыларына алған. Отбасылық жұптар жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған, – делінген ХАБАРЛАМАДА.

Іс аппеляцияда сотталғандар және адвокаттардың аппеляциялық шағымдары негізінде қайта қаралған.

Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметіне сүйенсек, сотталушы тарап сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған. Алайда Сот алқасы апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппаған. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар