«Берен тұлға Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференция өтті
«Болашақ» университетінде Бердібек Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолын еске алуға арналған «Берен тұлға Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Саналы ғұмырын еліне адал қызмет етуге арнаған мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың есімі халық жадынан ешқашан ұмытылмайды. Ол Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ерекше үлес қосып, еселі еңбегі арқылы халықтың алғаусыз алғысын алған арда азамат. Бүгінде Бердібек Машбекұлы салған сара жолы, азаматтық қадір-қасиеті, қайталанбас тұлғасы кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге десек артық айтқандық емес. Себебі, егемен еліміздің сындарлы саясатын кәсіби біліктілігімен жүргізіп, мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолында өзіндік қажыр-қайратымен бес облыстың тізгінін ұстады. Еліміздің еңсесін тіктеу үшін аянбай еңбек етті, қамыққан халқының қасынан табылды.
«Болашақ» университетінде қайталанбас қайраткердің есімін ұлықтап, ізгілікке толы өмірі мен еңбек жолын еске алуға арналған «Берен тұлға Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция басталмас бұрын ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев атындағы атриум залдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Одан кейін Бердібек Машбекұлы туралы арнайы бейнесюжет көрермен назарына ұсынылды. Игі шараға Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Болашақ» университетінің құрылтайшысы Бақберген Досманбетов, сондай-ақ, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, экономист ғалымдар, ғылыми-мәдени қауымдастықтардың көрнекті өкілдері және журналистер қатысты.
Жиын барысында Бердібек Машбекұлымен қызметтес болған әріптестері және белгілі тұлғалар арнайы сөз сөйлеп, қайраткердің өмір жолындағы қиындықтары мен тарих беттерінен ешқашан өшпейтін жылы естелектерін айтып, артына қалдырған мәңгілік мұрасын көпке үлгі етуді тілге тиек етті.
Ғылыми-танымдық конференция соңында қатысушылар мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың жарқын бейнесін боямасыз бейнелейтін еңбектерімен таныс болды.
Қаралған саны: 60
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments