Батысқазақстандық 103 оқушы Сыр елінде білім алуда
Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан өңірінен 17 сәуір күні 103 оқушы мен 10 жетекші «Қамбаш» олипиадалар және қосымша білім беру орталығында білім алуда, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Балалар жайлы бөлмелерге орналасқан. Орталықта барлық жағдай жасалған. Жатын орындарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 5 мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Балалардың ыстық тамағына Қызылорда қаласының кәсіпкері демеушілік жасаса, оқу процесін ұйымдастыруға Арал аудандық білім бөлімі жанынан жасақталған волонтер-мұғалімдер, атап айтсақ, №73 «Аманөткел», №21 «Қамбаш», №67 «Қосжар», №20 «Бөген», №63 «Ақбай» мектептерінің қызметкерлері атсалысуда. Сонымен қатар, орталық мамандары дене шынықтыру, музыка сабақтарын, «Қаржылық сауаттылық» курсын, психологиялық жұмыс және тәрбие сағаттарын кесте бойынша өткізеді. Түстен кейінгі ауысымда «Шебер қолдар», «Волейбол», «Футбол», «Қамбаш Медиа», «Бейнелеу», «Би», «Робототехника» үйірмелері жұмыс жасауда.
Балалар сабақпен қатар тәрбие шараларына да қатысуда. Күндіз ұзақ үзіліс кезінде түрлі ойындар ойнатылса, кешкілік «Биле, Қамбаш», «Ертегілер елінде», «КиноКеш», «Болмасаң да ұқсап бақ» сияқты байқаулар өтуде.
Демалыс күні оралдық оқушылар Арал қаласына саяхаттады. Алдымен аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлермен танысты. Балықшылар аллеясындағы «Балықшылар монументі», кемелер жанында естелікке фотоға түсті. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйінде жазушының шығармалары туралы кеңірек білді. Саяхат кезінде Арал қаласының кәсіпкер қыздары дайындаған дастарханынан дәм татып, Арал аудандық оқушылар үйі тәрбиеленушілерінің концертін тамашалады.
Атап өтейік, оқушылар Батыс Қазақстан облысы, Теректі және Қаратөбе аудандарындағы Подстепный, Аңқаты және Аққозы ауылдарынан келген.
Қаралған саны: 61
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments