Балықшының мәйіті табылды

574e48338397c6ea72f62a135f87c958

Марқұм жол талғамайтын көлікпен балық аулауға шыққан. Алайда жол таппай адасып қалған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында 19-ақпан күні балық аулауға шыққан 43 жастағы азамат жоғалып кетті. Құтқарушылар тік ұшақ арқылы іздеу жұмыстарын жүргізген. Іздеу барысында ер адамның денесін Ақтоғай ауылынан 15 шақырым қашықтан тапқан.

– Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ТЖМ әуе кемесі, ЖАО, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырды, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x