Балабақшада тәрбиеші болғысы келген әйелдер алаяққа оңбай алданды

01 scaled

Бейтаныс азамат үш жәбірленушіні балабақшаға жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, олардан 12 млн теңге алған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Оқиға Шымкент қаласында болған. Алаяқ балабақшаларда тәрбиеші болып жұмысқа орналастыру үшін үш әйелден ақша талап еткен. Ал соған сенген жәбірленушілер өздері танымайтын азаматқа жалпы сомасы 12 миллион теңге берген. Ақыр соңы не жұмысқа тұра алмай, не берген ақшасын қайтара алмаған әйелдер полицияға арызданыпты.

 – Аталған жайт бойынша полиция тергеуді бастады. Жедел уәкіл қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, – деп жазды Polisia.kz сайты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар