Байқоңырда еліміздің туы теріс ілінді

экрана 2024 01 19 114233

Жауаптылар қаланың кіре берісіндегі бақылау пунктінің алдына мемлекеттік рәмізді ілгенде өрескел қателік жіберіпті, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ресейге жалға берілген қаладағы мұндай олқылықтың суреті әлеуметтік желіде тарады. Онда бақылау пункітінің алдында РФ мен Қазақстанның туы ілініп тұрғаны көрінеді. Ал еліміздің рәмізі белгіленген тәртіппен ілінбеген. Туды орнатқанда қателік кеткенін ҚР Президентінің Байқоңырдағы өкілдігі де мойындады.

“Қазіргі таңда Байқоңыр қаласының кіре-берісінде орналасқан бақылау-өткізу пунктіндегі Мемлекеттік ту белгіленген талаптарға сәйкес қалпына келтірілді. Аталған жағдайға байланысты тиісті жауапты тұлғаның жауапкершілігі қаралды”, – деп хабарланды өкілдіктің желідегі парақшасында.

Бөлісу:

5 1 vote
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x