Ата-аналарды қорқытқан жазба

379daced5d57d484187f5c60cd9ea552

Ақтөбеде  3 күн қатарынан білім объектілерінің барлығында күшейтілген бақылау ұйымдастырылады. Оған себеп әлеуметтік желіде тараған жазба болды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан жазбалар бірнеше күннен бері ақтөбеліктердің үрейін алып отыр. Онда белгісіз біреулер қаланың мектептеріндегі оқушыларға 26-шы қаңтар күні  зорлық-зомбылық көрсетіндігін айтқан. Кейбір жазбаларда қай білім ордасына алғаш болып атыс-шабыс  жасалатыны көрсетілген. Осыған байланысты барлық мектептерде бақылау күшейтілді. Құзырлы органдар толық хабардар.

– Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралуда. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз. – деп хабарлайды АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД ӨКІЛІ.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x