Әскерден қайтуына 10 күн қалған сарбаз елге табытпен оралды

WhatsApp Image 2023 09 13 at 18.58.24

Түркістандағы шекара қызметінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қызылордалық Нұрғасыр Темірбеков әскерден қайтуына 10 күн қалғанда қайтыс болды. Марқұмның ата-анасына әскери бөлімдегілер жұмыс істеп жүрген сарбаз, ауыр темірге бастырылып көз жұмды деген хабар берген. Қапыда қара жамылған отбасы сарбаздардың қауіпсіздігіне бейқам жауаптылардың кесірінен тұла бойы тұңғышымыздан айырылдық деп зар еңіреп отыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

.mp4.Still002

Үйінің тұңғышы Нұрғасыр Темірбеков әкесінің қолғанаты еді. Жас болса да, баламыздың қолынан көп нәрсе келетін дейді ата-анасы. Соңғы рет әкесіне қоңырау шалғанда  бітпей тұрған үлкен баспанамыздың құрылысын 10 күннен кейін өзім барып аяқтаймын деп уәде берген екен. Алайда соның ертесі 4-қыркүйек күні келген суыт хабар арманы көп сарбаздың ата-анасын есеңгіретіп тастаған. Түркістандағы 2037 шекара қызметі әскери бөліміндегілер Нұғасыр ауыр жұмыс істеп жүріп, темір тор мен жүк көлігінің арасына қысылып көз жұмды деген хабар берген.

.mp4.Still004

  Балаңыз осындай сеткамен жұмыс істеп жатқанда екі ортада қыстырылып қалды деді. Ол жерде скорый да болмаған. Маған айтқаны, камазбен 3 шақырым жердегі медпунктке апардық деді. Содан кейін таксимен ар жағындағы район ба, поселок па сол жаққа апара жатқанда үзілді деді. Басшылар да күмәнім. Ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмаған. – дейді МЭЛС ӘБДІРАМАНОВ,МАРҚҰМ НҰРҒАСЫР ТЕМІРБЕКОВТЫҢ ӘКЕСІ.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 18.58.14

Нұрғасыр Түркістандағы шекара қызметіне отан алдындағы борышымды өтеймін деп өз еркімен аттанған еді дейді ата-анасы. Әне-міне баламызбен қауышамыз деп отырғанда, үйімізге табытпен оралды деп қайғыдан қан жұтады. Айтуларынша жауаптылар сарбаз өліміне байланысты кімдердің жазаланғанын, қандай іс қозғалғаны туралы әлі күнге жауап бермепті. Шекара қызметіне жауапты Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер  біздің арнамыздың сұрауына үн қатпады. Ал әскери прокуратура өкілдері осы іске байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

 “Қылмыстық кодекстің 156-бабымен, яғни “еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу” дерегі бойынша іс қозғалды. Сарбаздың туыстарына жәрдем көрсетіледі. – дейді ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫ.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 18.58.13

Марқұмның ата-анасы Нұрғасырдың өліміне жауапты басшылардың барлығы да жазалану керек деп талап қойды. Ал әкесіне әскерден келген соң барлық жұмысты өз қолыма аламын деген жас жігіттің асқақ армандары орындалмады. Қыршыннан қиылған сарбаздың қиялындағы зәулім баспананың қабырғалары жартылай қаланған күйі тұр.

Автор: Абай Нұржанұлы

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x