Артық талап жүктеген жылу орталығына 5 миллион теңге айыппұл салынды

14 12

Қызылорда облысының прокуратурасы тұтынушылардың құқықтарын шектеп, артық талаптар жүктеген Жылу орталығының заңсыз әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды «Азаттық-ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облысының прокуратурасы «Қызылорда жылу электр орталығы» ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде Жылу орталығы жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға артық талаптарды енгізіп, тұтынушылардың құқықтарының шектелгені анықталды. Атап айтқанда, Жылу орталығы тұтынушыларға техникалық шартты беру барысында жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.01.2021ж. №2 бұйрығымен бекітілген) қарастырылмаған қосымша құрылғылар орнатуды міндеттеген. Аталған талаптар тұтынушылар үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін қосымша шығындар әкелуі мүмкін. Бұндай артық талаппен Жылу орталығы 2022-2023 жылдары 100-ден аса техникалық шарт берген.

Осыған орай облыс прокуратурасы 18.08.2023ж. облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіп, оның қаралуымен техникалық шарттағы артық талаптар алынып тасталды және Жылу орталығының басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар Жылу орталығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 млн теңге айыппұл салынған. – деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x