Аралдықтар экологиялық акцияға қатысты

436788273 1982500312145471 5721552517520127653 n

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Акция аясындағы облыс әкімінің Үндеуіне сәйкес, бүгінгі тазалық науқанына 500-ге жуық аралдықтар атсалысып, аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Арал қаласындағы «Балықшылар аллеясында» өткен ағаш отырғызу акциясына аудан әкімі А. Оңғарбаев, аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, мекеме қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты.

Экологиялық акция аясында қоғамдық орындар, көшелер мен аялдамаларда тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, аудан бойынша демалыс саябақтарында 1000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Көше бойында автомобиль жолдарының жолақтары қайта сызылып, аудан орталығындағы маңызды ғимараттардың қасбеттері жаңартылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар