Аралда ерекше балаларға арналған балабақша ашылады
Арал аудандық мәслихатының депутаты өз қаражатынан инклюзивті бөбекжай ашуды қолға алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Ерекше күтімді қажет ететін балаларды жан-жақты қолдау, оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамту және тиісті деңгейде сапалы оқыту – білім саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте Арал ауданы ерекше бастаманы қолға алды. Сөзімізге дәлел ретінде, Арал қаласындағы «Мейірім» арнайы бөбекжай-балабақшасын ерекше айтуымызға болады. Аталмыш жобаны жеке кәсіпкер, Арал аудандық мәслихатының депутаты Л.Мамитанова өз қаражаты есебінен жүзеге асырып, бүгінде бөбекжай іші толығымен заманауи үлгіде жабдықталуда. Жеке кәсіпкердің айтуынша, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған бұл балабақшада балаларға тірек-қимыл бұзылысын қалпына келтіруге арналған спорттық құрал-жабдықтар, сондай-ақ, арнайы тұз шахта және шунгит бөлмелері мен бассейн қарастырылған. Жаңа нысан ашылған жағдайда 4 топта 50 бүлдіршін тәрбиеленіп, 30-дан аса қызметкер жұмыспен қамтылатын болады.
– Өздеріңіз білетіндей, тірек-қимылы бұзылған және дамуында кінәраты бар балаларды емдеу және оларды тұрлі әдіс-тәсілдер арқылы білімге баулу оңай шаруа емес. Сондықтан да ауданымызда аталған санаттағы балаларды қолдау мақсатында инклюзивті бөбекжай ашуды қолға алдым. Қазіргі таңда барлық керекті құрал-жабдықтар әкелініп, талапқа сай жабдықталуда. Сонымен қатар, арнайы тұз шахта бөлмесін де дайындадық. Бұл тұз балалардың тыныс алу жүйесін қалыпқа келтіруге өте пайдалы, – деді Л.МАМИТОВА.
Қаралған саны: 65
Бөлісу:
0
0
votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
Connect with
I allow to create an account
When you login first time using a Social Login button, we collect your account public profile information shared by Social Login provider, based on your privacy settings. We also get your email address to automatically create an account for you in our website. Once your account is created, you'll be logged-in to this account.
DisagreeAgree
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments