Арал ауданындағы жедел жәрдем ғимараты су ортасында қалды

77 scaled

Сексеуіл кентінде орналасқан жедел жәрдем мекемесінің айналасын қардың суы басты. Көлшік ортасында қалған ғимаратта қазір жұмыс тоқтаған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жедел жәрдем қызметкерлері амалсыз ауылдағы емхана ғимаратына көшуге мәжбүр болған. Алайда онда қызметкерлердің жұмыс істеуіне мүлде жағдай қарастырылмағанын облыстық жедел жәрдем станциясының басшысы растап отыр.

Еріген қар суының ортасында қалған мекеменің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Мекемені су алып жатқан видео әлеуметтік желіге шыққанға дейін меңгеруші маған барлық ақпаратты жіберген. Сол кезде жалға берілетін ғимарат іздеуге тапсырма бердім. Тауып, көшірдік. Қазіргі уақытта, телефон, интернет желісін қондыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ БАУЫРЖАН ТӨЛЕГЕН.

Бауыржан Төлегеннің айтуынша алдағы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері үшін ауылдан жаңа ғимарат жалдауға келісім жасалып жатыр.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x