Ақмолалық азамат Қызылордадағы 10 жерге есірткі жасырған

a34be444 7ece 4a5d 80f3 49794304382e

Қызылорда қаласында синтетикалық есірткі затын сақтаған азамат ұсталды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

20 жастағы Ақмола облысының тұрғыны есірткіге тапсырысты интернет желісі арқылы қабылдаған. Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні қонақ үйде жатқан жерінде ұстады.

 – Азаматтың орналасқан қонақ үйдегі бөлмесіне тінту жүргізу барысында есірткі сатуға дайын үш дана полиэтилен пакетіне салынған сұр түсті ұнтақтар заттай дәлелдеме ретінде алынды, делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген ұнтақтың «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны белгілі болған.

Бүгінде аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. – деп мәлімдейді ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар