Апаттан жүргізуші көз жұмды

экрана 2024 02 12 145754

Арал ауданында автокөлік «Самара-Шымкент» тас жолының бойында тұрған автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан бір адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оқиға Арал ауданына қарасты Сазды елді мекенінің тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған.
«Toyota Alphard» маркалы автокөлігі жол бойында тұрған «Mercedes benz» маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mercedes benz» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x