Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды

1 1 scaled

ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы сейсмикалық станциялар желісімен 00 сағат 09 минутта Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Азаттық Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісінің қатты болғандығы соншалық көпқабатты үйлерде тұратын алматылықтар түн ішінде далаға қашып шыққан. Мамандар бұл Қытай Халық Республикасы мен Қырғызстан Республикасында болған жер сілкінісінің жаңғырығы дегенді айтады.

photo 5294339081666416536 y

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 00:20 минутта жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізді. Әкімдіктің баспасөз қызметі Алматы қаласында барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Жедел-жәрдем қызметі мен көпбейінді орталықтар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасауда.

экрана 2024 01 23 024820

– Құрметті Алматы қаласының тұрғындары қазір сейсмикалық жағдай тұрақты. Қазіргі таңда әкімнің басшылығымен штаб ашылды. Қаланың барлық мектептерінде, балабақшаларында халықты қабылдау пунктері ашылды. Барлық сұрақтар бойынша 78-20-83, 78-20-81 нөмерлері бойынша хабарласуға болады. – деді НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ

Бөлісу:

0 0 votes
Рейтинг статьи
Жазылу
Хабарлау
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

0
Мақалаға қатысты не ойлайсыз? Пікір қалдырыңыз.x
()
x